Выйти
RU

Қытайлық қыз көзіне шөп салған жігітіне бір тонна пияз жіберді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда бойжеткен көзіне шөп салған жігітті сабасына түсіру үшін оған бір тонна пияз жіберді. Осылайша, ол бұрынғы сүйіктісінің өзі сияқты қатты жылағанын қалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қытайлық қыз көзіне шөп салған жігітіне бір тонна пияз жіберді

Фото: Daily Mail

Чао есімді бойжеткен бір жыл көңіл қосқан жігіті өзін тастап кеткен соң әбден мұңға батқан. Жас жігіттің ара-қатынас үзілгеніне уайымдай қоймағанын түсінген ол, тіпті, ашуға булығады.

Артынша ол бұрынғы сүйіктісінің үйіне бір тонна қызыл пияз жібереді. Көкөніске бекітілген хатта "Мен үш күн жыладым, енді сенің кезегің" деп жазылған.

Курьер үй иесімен хабарласа алмаған соң төрт сағат бойы жүк көлігінен пиязды түсіруге мәжбүр болады.

Кейіннен бойжеткен жергілікті БАҚ өкілдеріне пиязды жігітті де жылату үшін сатып алғанын хабарлаған. Ал көршілері жігіттің жылағанына сенімді емес.

"Бірақ, мен жыладым. Енді біздің тұрғын үй кешені пияз сасып тұр", - дейді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігіне коронавирусқа байланысты шектеу шараларын енгізілгенін хабарлаған едік.

Себебі, аталған аймақта коронавирус жұқтырудың 34 дерегі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайлық қыз көзіне шөп салған жігітіне бір тонна пияз жіберді (фото)