RU

Атышулы "Қара бүркіттің" 19 қызметкері коронавирус жұқтырған

Бүгін Қостанай облысындағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа деректері жайлы белгілі болды. 19 мамырдағы мәліметтер бойынша, өңірде 19 адамда КВИ расталған. Олардың барлығы Жітіқарада орналасқан "Қара бүркіт" атымен танымал төтенше қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ шұғыл штабқа сілтеме жасап.

Қостанайда "Қара бүркіттің" 19 қызметері коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

Шұғыл штабтың ақпаратына қарағанда, ПТР - зерттеуден кейін COVID-19 анықталған Жітіқарадағы 19 адамның 11-і - ер, сегізі - әйел адам.

Оларды барлығы-УК- 161/3 мекемесінің қызметкерлері. Аталған колония "Қара бүркіт" атымен танымал. Мұнда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер жазасын өтеуде.

Вирус анықталған қызметкерлердің 21 жастан 54 жасқа дейінгі жандар екені белгілі болды. Олардың барлығы COVID-19 инфекциясын жұқтырған азаматпен байланыста болған.

Сонымен қатар 19 адамның ешқайсысы да елді мекендерде бой көрсетпегені айтылды, себебі олар казармалық режимде болған.

Ал вирусты алғаш жұқтырған жанның курсант екені анықталды. Ол өз әкесімен байланыс жасаған. Аталған факті белгілі болған соң мекеме карантинге жабылып, ешкім сыртқа шықпаған.

Айта кетейік, Қазақстанда 18 мамыр күнгі ақпарат бойынша тағы 311 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 6751-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856426-kostanajda-kara-brkitti-19-kyzmetkeri-koronavirus-zktyrdy.html