Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда өзін "ҰҚК" қызметкері деп таныстырған ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Қарағанды полициясы жол ережесін бұзып, өзін "ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері", полковникпін деп таныстырған 47 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Оқиға 23 сәуір күні ел аумағында төтен жағдай режимі аяқталмаған уақытта болған.

Ер азамат жол қозғалысы ережесін бұзғандықтан тәртіп сақшылары оны тоқтатқан.

Осы кезде жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне өзін ұлттық қауіпсіздік комитеті өзіндік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасарымын деп таныстырған. Алайда ер адам бұны растайтын құжатын көрсета алмаған.

"Барлық әңгіме видеожетонға жазылған. Тәртіп сақшыларына ер адам күдікті болып көрінген. Сондықтан жағдайды анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері мен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері шақырылды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілген. Сұрақ-жауап барысында ол Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ екенін мойындап, бұл қылығы үшін өкінетінін жеткізген.

"Ер азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476 бабының 6 тармағы бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу") кінәлі деп танылды. Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол он тәулікке қамауға алынды", – деп хабардар етті полициядан.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің өткен жылы алаяқтық фактісі бойынша сот алдына келгенін анықтады.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 6751-ге жетті. Оның 263-і Қарағанды облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856427-karagandyda-zin-kk-kyzmetkeri-dep-tanystyrgan-er-adam-kamauga-alyndy/

pixel