Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аттестаттаудан өткен педагогтің жалақысына қанша үстемақы қосылады

Опубликовано:

Биыл педагогика қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу 3 кезеңмен өтеді. Бұл туралы бүгін 19 мамыр күні Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысы кезінде Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Аттестаттаудан өткен педагогтің жалақысына қанша үстемақы қосылады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Комитетінің төрайымы Майра Мелдебекованың баяндамасына сәйкес, педагогтерді аттестаттау ерекше санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады. Сондай-ақ аттестаттау министрліктің екі бірдей бұйрығымен белгіленген.

Аттесттаттау 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші – Ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Екінші – біліктілікті бағалау. Үшінші – жалпы педагогтің немесе білім беру ұйымы басшысының портфолиосын талдау.

Төрайымның айтуынша, педагогтер аттестаттаудан 5 жылда 1 рет, ал білім беру ұйымдарының басшылары 3 жылда 1 рет өтеді.

"Биылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, методикалық кабинеттердің әдіскерлері, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қатысады.
Осы үш кезеңді сәтті өткен әрбір педагогтің, сонымен қатар білім беру ұйымы басшысының жалақысына үстемақы қосылатын болады. Басшылар мен олардың орынбасарларына тағайындалған санатына байланысты 30-дан 100 пайызға дейін, педагогтерге 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы қосылады", – деді комитет төрайымы министрліктің Facebook парақшасында онлайн форматта өткен аппарат жиналысы барысында.

Оған қоса, елдегі карантинге байланысты комитет бұған дейін екі аптада өтетін Ұлттық біліктілік тестін 3 ай мерзімде (маусым, шілде, тамыз) өткізуді жоспарлап отыр. Тестілеуге құжаттар қабылдау мамыр айының 21-інен басталмақ.

Сынақ тапсыру уақыты да ұзартылған, мысалы "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері бойынша педагогтерге 240 минут берілетін болады.

Өз кезегінде министр Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта семинар форматында ұйымдастырылған республикалық жиналыс болатынын айтты.

Педагогтерді аттестаттау мәселесі бойынша туындаған барлық сұрақтар мен қарама-қайшылықтарды сол отырыста егжей-тегжей талқыланатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 3-4 маусым күндері мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы өтетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856445-attestattaudan-tken-pedagogti-zalakysyna-kansa-stemaky-kosylady/

pixel