Выйти
RU

АҚШ-та адамдарға жасалған коронавирус вакцинасының сынағы сәтті өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Препаратты ерікті топтарда тестілеу сәуір айында басталған еді. Бұл туралы дүйсенбі, 18 мамыр күні америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Известия" басылымына сілтеме жасап.

АҚШ компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны адамдарға сәтті сынақтан өткізді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Компанияның мәлімдемесінде mRNA-1273 вакцинасын қабылдағаннан кейін сынаққа қатысушылардың антиденелерінің саны препараттың дозасына байланысты СОVID-19-бен ауырып жазылған адамдардың қанындағы тиісті көрсеткіштен асып түскені және сол деңгейде болғанын айтылған.

Алғашқы сатыда вакцинаның қауіптілігі байқалмаған яғни ешқандай асқынулар болмаған.

Компания қорытынды сынақ шілде айында басталатынын хабарлады.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-та COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1,5 миллионнан асқан.

Ал елдегі жағдайға келер болсақ, 18 мамыр күні тағы 311 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 6751-ге жетті.

Ал Қытай билігі елдің солтүстік-шығыс бөлігіне шектеу шараларын енгізді. Себебі, аталған аймақта коронавирус жұқтырудың 34 дерегі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та адамдарға жасалған коронавирус вакцинасының сынағы сәтті өтті