Выйти
RU

Алматы полициясы танымал адвокаттың көлігінің өртенуін тергеп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда полиция қызметкерлері танымал қазақстандық қорғаушы Айман Ұмарованың көлігінің өртену оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Олар өрттің орын алу себептерін анықтамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айман Ұмарова. Фото: Facebbok парақшасынан

Айман Ұмарова. Фото: Facebbok парақшасынан

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жедел жетіп, жалынды тоқтатқанымен көлік қатты өртеніп кеткен. Ұмарованың өзі бұл жағдай оның қорғаушы қызметімен байланысты деп есептейді. Полиция ҚК-тің 202 бабы, екінші бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстыұ іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тағайындалған тиісті сараптама өткізілген соң, көліктің өртену жағдайы белгілі болатынын мәлімдеді.

Аталмыш оқиғаға қатысты істі тергеумен Медеу ауданының полиция басқармасы айналысуда. Себебі, көлік Алматының дәл осы бөлігінде өртенген.

Өрт туралы Айман Ұмарованың өзі Facebook парақшасында хабарлаған. Адвокат алдымен көлігінің тежегіші істемей қалып, артынан түтін шыққанын айтты.

Ол көлікті уақытылы тоқтатып, оның ішінен тез шығып кете алған. Оқиға кеше кешкі уақытта Әл-Фараби көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орын алған. Ұмарованың өзі зардап шеккен жоқ. Ол көліктен уақытылы шығып кеткендіктен аман қалды. Алайда, оның кейбір құжаттары мен заттары өртеніп кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы полициясы танымал адвокаттың көлігінің өртенуін тергеп жатыр