Выйти
RU

Павлодарлықтар 15 мың теңге өтемақы алу үшін әкімдікке "шабуылдауда" (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Павлодар тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге көлемінде өтемақы ресімдеу үшін жергілікті әкімдіктің алдына жиналды. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Бүгін таңғы 9-дан бері тұрғындар коронавирустың таралу қаупі мен әлеуметтік ара қашықтық туралы ұмытып, Павлодар әкімдігінің алдында ұзын-сонар кезекке тұрды.

Халықтың басым бөлігі ТЖ режимі кезінде уәде етілген 15 мың теңге өтемақыны рәсімдеу үшін таңнан бастап жиналды.

Аталған өтемақыға өтініш беру үшін арнайы сайт іске қосылған, алайда оның қызметінде іркіліс пайда болуда.

Оған қоса, көптеген егде жастағы әлеуметтік көмек алушылар интернетті қолдануды білмейді. Сондықтан да тұрғындар қала әкімдігінің алдына көптеп шоғырланған.

Мекемеге күнделікті мыңнан астам адам келетін көрінеді. Әсіресе, таңертең ұзын-сонар кезек пайда болуда. Себебі зейнеткерлер әдетінше әкімдік ашылғанға дейін бірнеше сағат бұрын келіп алады.

"Біз тек 15 мың теңге өтемақы бойынша халыққа қызмет көрсетуге 12 адамды бөлдік. Сондай-ақ өтемақы бойынша call-орталық қызмет етеді. Бұрын орталықта 4 нөмір болса, қазір олардың санын 8-ге дейін арттырдық", – дейді Павлодар әкімдігінің өкілі.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Еске сала кетейік, бұған дейін 42500 теңгені екінші рет қанша адамның алғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарлықтар 15 мың теңге өтемақы алу үшін әкімдікке "шабуылдауда" (видео)
Mailfire view pixel