Выйти
RU

Алматыға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс: полиция себебін түсіндірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы күндері Алматыға кірберістегі блок-бекеттерде ұзын-сонар кептелістер пайда болды. Алматылық полиция қызметкерлері бұл мәселені біледі және қала тұрғындарына қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға, сондай-ақ қалаға кірмеуге кеңес береді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс: полиция себебін түсіндірді (видео)

Алматы маңындағы блок-бекетердегі кептеліс. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

11 мамыр күні Қазақстанда төтенше жағдай аяқталған болатын, бірақ карантин шаралары сақталады. Алматыда саяжайы барларға қаладан шығуға рұқсат етілді.

Kris_p_almaty Instagram парақшасында жарияланған видеодан Алматы қаласының блок-бекетіндегі кептелісті көруге болады. Автордың айтуынша, кептелісте тұрғанына шамамен екі сағат болған.

Алматы полиция департаменті қала маңындағы блок-бекеттегі кептелу мәселесінен хабардар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, карантин режимін жеңілдету әсерінен көптеген адам мегаполиске қарай ағылған.

Қалалық ПД бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, азаматтар карантиннің жеңілдетілуін дұрыс түсінбей, карантин шаралары аяқталды деп ойлаған. Олар мегаполистен шығып басқа аймаққа немесе қалаға кіруге жанталасып жатыр.

Алмасбеков қалада әлі де карантиннің сақталатынын және мәліметтері арнайы тіркеуде тұрған азаматтардың ғана кету құқығын алғанын еске салды.

"Әр көлік пен оның ішінде отырған адамдарды тексеру үшін біраз уақыт қажет. Сондықтан қаладан шығудан бас тартқан дұрыс. Азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін барлық шаралар қабылданды. Бұған түсіністікпен қараңыз", – деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Полиция қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып, кептелісті айналып өтуге тырысқан жүргізушілерді анықтап, айыппұл салатындарын айтты.

Еске сала кетсек, Алматы мен елордада банктер, айырбастау нүктелері мен ломбардтар жаңа кестемен жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға кіреберісте ұзын-сонар кептеліс: полиция себебін түсіндірді (видео)
Mailfire view pixel