Выйти
RU

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова Facebook желісіндегі онлайн-брифингінде коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың қазіргі жағдайы туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Надыров коронавирустан емделіп шықты

Қамалжан Надыров. Фото: Алматы әкімдігі

Бұйрабекованың айтуынша, әріптесі Надыров ауруханадан жазылып шыққан және мекемеден тыс жерде сауықтырудан өтіп жатыр.

"Ол жазылды, оның сынамасы теріс нәтиже көрсеткен", – деп түсіндірді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Надыровты жұқтырғаннан кейін, денсаулық сақтау министрлігінде басқа ауру жұқтырғандар табылмады.

Денсаулық сақтау министрлігінің сол кездегі вице-министрінен коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған соң, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған еді.

COVID-19 диагнозы қойылғанға дейін бір күн бұрын Надыров Алматыға қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы ретінде жаңа қызметке тағайындалуды жоспарлады.

Ол тәжірибелі басқарушы ретінде денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен оңтүстік астанаға вирустық жағдайды бақылау үшін жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 700 адамнан асты. Елде вирустың салдарынан 35 адам қайтыс болды, 3400-ден астамы ауруынан айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі коронавирустан жазылып шықты