Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара бүркітті" коронавирус жайлады: Министрлік жағдайға түсінік берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары онлайн-брифинг барысында өмір бойына сотталғандарды ұстайтын "Қара бүркіт" колониясының 19 қызметкері крорнавирус жұқтырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Людмила Бюрабекованың айтуынша, Covid-19 инфекциясына тескеру барысында 19 қызметкерден вирус анықталған – олар колонияның жанындағы бөлек бөлмелерде оқшауланды.

Вице-министр инфекцияға шалдыққан қызметкерлердің жаза өтеушілермен байланысқа түспегендерін атап өтті.

Алайда, өмір бойына сотталған тұтқындардан коронавирус анықталса, олар барлық Қазақстан азаматтары секілді емдеуден өтеді. Бұл жағдайда жаза өтеушілер түзету мекемесі аумағынан шығарылмайды, уақытша стационар калония аумағында ашылады.

"Қара бүркіт" колониясы Қостанай облысында орналасқан. Онда өмір бойына сотталған Владислав Челахтың жаза өтеп жатқанын айта кету керек.

Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ Людмила Бюрабекова әріптесі – бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирустан жазылып шыққанын мәлімдеген.

Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан "Қара бүркіт" атымен танымал төтенше қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856504-kara-brkitti-koronavirus-zajlady-ministrlik-zagdajga-tsinik-berdi/

pixel