Выйти
RU

Атырауда полиция қызметкері түскі ас ішуге кеткенде күдікті асылып өлген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полиция басқармасындағы камераға қамалған ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Жағдай полиция қызметкері жұмыс орнынан түскі ас ішуге кеткен кезде орын алған деп хабарлайды Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырауда полиция қызметкері түсті ас ішуге кеткенде ұсталған азамат өзін асып өлтірді

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл іс туралы «Мой город» порталы хабарлады, сотта оқиғаның мән-жайы айтылды, полицейге қатысты шешім шығарылды. Ақпаратқа сәйкес, 52 жастағы қала тұрғыны 10 наурызда басқармаға жеткізілген. Ер адам отбасылық-тұрмыстық жанжал үшін ұсталған. Осыдан кейін ол камераға қамалған.

Бұл жерде кезекшілік еткен тәртіп сақшысы Бекжанов бөлмелерде тәулік бойы тәртіпті бақылауға және үнемі тиісті орыннан табылуға міндетті болған. Бірақ полицей түскі асқа кетіп қалған. Кезекші орнында болмаған кезде ұсталған адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол сотта қаралды. 17 сәуірде ол соңы ауыр зардаптарға әкелген немқұрайлылық үшін 1,5 жылға шартты мерзімін алды.

Бұған дейін Оралдың тергеу изоляторында өгей әкесін өлтіргені үшін сотталған 10-сынып оқушысы асылып өлгені белгілі болды. 8 мамыр күні камерада 17 жастағы қыздың денесі табылды. Өз-өзіне қол жұмсау үшін кәмелетке толмаған қыз капрон шұлық қолданған. Шұлықтың бір шетін терезе торына байлапты.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске салсақ, Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда полиция қызметкері түскі ас ішуге кеткенде күдікті асылып өлген
Mailfire view pixel