RU

116 рет жылдамдықты асырған: Атырауда бір млн айыппұл арқалаған азамат ұсталды

Атырауда наурыздан бері өзіне салынған 1 миллион 117 мың 886 теңге айыппұлды төлемеген «Opel Astra» көлігінің жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

116 рет жылдамдықты асырған: Атырауда бір млн айыппұл арқалаған азамат ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тәртіп сақшылары Атырауда «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен тым ірі мөлшердегі айыппұл қарызын өтемеген екі жеңіл көліктің жүргізушісін ұстады.

Бір көлік – Арменияда, екіншісі Ресей Федерациясында есепке қойылғандықтан, Атыраудағы иелері деректер базасына тіркелмеген.

«Полицейлер «Кордон» фоторадар кешенінің көмегімен 18 мамырда бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты.

Оның бірі – «Opel Astra» көлігінің жүргізушісіне айыппұл жылдамдықты 116 рет арттырғаны үшін 1 117 886 теңге және екіншісіне «Daewoo Nexia» көлігімен қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін 173 625 теңге айыппұл салынған.

Айыппұлдар толық төленгенше, көліктер айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Атырауда 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық, шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856522-116-ret-zyldamdykty-asyrgan-atyrauda-bir-mln-ajyppl-arkalagan-azamat-staldy.html