Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі өмірден озды

Опубликовано:

Қазақстанның бірінші ішкі істер министрі Владимир Шумов Мәукеуде өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: Depositphotos

Қайғылы хабарды "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі жеткізді. ҚР ІІМ бұрынғы басшысы 79 жасқа толған шағында қайтыс болды.

Полиция хабарламасында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Шумовтың отбасына көңіл айтқаны жазылған.

Тұрғымбаевтың айтуынша, тұңғыш ішкі істер министрі құқықтық тәртіптің күшеюіне өлшеусіз үлес қосқан.

Ол Владимир Георгиевичтің оперативтік қызметкерден министрліктің басшысына дейін ұзақ жол жүріп өткенін жеткізді. Әлі күнге дейін құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген бірқатар полиция қызметкерлері үшін тәлімгер болғанын атап өтті.

Еліміздің тұңғыш ішкі істер министрі қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданында 1941 жылы туған.

Қарағандыдағы КСРО ІІМ жоғары мектебінің және Ресей ІІМ академиясының түлегі.

Еңбек жолын 1965 жылы ішкі істер органдарының қылмыстық іздестіру бөлімінде бастады. Ол кезде кәмелетке толмағандардың ісімен айналысқан. 1969 жылдан бастап Шумов ішкі істер органдары жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті 2 жыл атқарып, ары қарай мансабын Ресейде жалғастырды. Уақытында Шумов Шешен Республикасының да ішкі істер министрі болған.

Кейіннен Ресей президенті әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды. Генерал-полковник атағына дейін жетіп, бірқатар мемлекеттік наградаларды иеленді.

Еске сала кетейік, 18 мамырда белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856525-kazakstanny-tgys-iski-ister-ministri-mirden-ozdy/

pixel