Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Планшетке таласқан": Тараз қаласында 15 жастағы бала туған қарындасын өлтірді

Опубликовано:

Тараз қаласында туған қарындасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы бала бала ұсталды. Жасөспірім бұндай қадамға планшет үшін барған. Қарындасы гаджетті ағасына бермей қойған көрінеді. Көршілерінің сөзінше, 10 жастағы мектеп оқушысы ұйқыға жатқанда ағасы қызды балғамен ұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жантүршігерлік оқиға қаланың шеткі ауданында орын алған.

Қайғылы оқиға кеше түнде болыпты.

Көршілерінің сөзінше, ағасы мен қарындасы арасындағы планшетке талас күндіз басталған. Осы даудан кейін 10 жастағы қыз ауылдастарының үйіне қашып келген екен.

"Қызды үйден шығарып жіберген. Келіп біздің талдың астына жатты. Қатты жауын жауып тұрды. Үстіне жабатын көрпеше алып жатты. Менің қолшатырымды алды. Сындырып қоя ма деп, қайтарып алдым. Сосын үйіне кеткен", - деді көршісі Шынар Мырзахметова.

Үйіне қайта оралған мектеп оқушысы өзінің туған ағасы тәтті ұйқыда жатқан жерінен балғамен ұрып өлтірген дейді көршілері.

Ал денесін далаға сүйреп шығарып тастап, өзі түк болмағандей жұртпен бірге бауырын іздеген көрінеді.

4-сынып оқушысының мәйіті көрші үйдің жанындағы бағананың түбінен табылған.

Оны алғаш ауылдастың бірі анықтап, тез арады жедел жәрдем шақыртыпты.

Сол куәгердің дерегінше, марқұмның басына қатты соққы тиген болуы мүмкін. Себебі, оның бас сүйегі жарылып кеткен.

"Көргенімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Әлі өз-өзіме келе алатын емеспін. Басы қақ айырылған. Миы шашылып кеткен. Айналаның бәрі қан", - деді ауылдасы.

Тараз қаласының полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растап отыр.

"Тергеу амалдарын жүргізу барысында жәбірленушінің ағасы 15 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабы 3 тармағы "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленіп, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамалды", - полиция бөлімі бастығының орынбасары Жандос Мәметқұлов.

15 жастағы бала қарындасын өлтірді дегенге көршілерінің көбіcі сенбейді. Ол тумысынан момын, жуас еді деп отыр. Ал қаза тапқан 10 жастағы қыз төрт  жылдан бері каратэмен шұғылданған екен.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске салсақ, Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1856534-plansetke-talaskan-taraz-kalasynda-15-zastagy-bala-tugan-karyndasyn-ltirdi/

pixel