RU

Түркістандық шаруалар ауа райы салдарынан миллиондаған шығынға ұшырады

Түркістан облысындағы егістік алқаптарға бұршақ жауды. Шаруалар ауа райынан келген зардап пен оның салдарын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Түркістандық шаруалар ауа райы салдарынан миллиондаған шығынға ұшырады
Видеодағы кадрлар: "Еуразия" Бірінші арнасы: UGC

Негізінен табиғат құбылысы әлі пісіп жетілмеген қауын мен мақтаға зиян келтірді.

Қостақыр ауылының тұрғыны Бақытжан Жылтаев егіннен не қалғанын көрсетіп, шамамен 15 миллион теңге шығынға ұшырағанын еріксіз мойындап отыр.

Шаруа өзінің 50 гектар жерінде қауын мен мақта өсіреді. Бұл мансап фермерді көптеген жыл бойы асырап келді. Енді ер адам не істеу керегін білмей дал болып жүр. Бақытжан бұған дейін несие алғанын, жылқыларын сатқанын және туыстарынан отынды қарызға алғанын жасырмады. Енді шаруаның шығыны еселеніп тұр.

"Жергілікті тұрғындар өздерінің шаруа қожалықтарында жұмыс істейді, өйткені басқа жұмыс жоқ", – деп түсіндірді ол.

Тілшілер атап өткендей, басқа жергілікті фермерлер де осындай жағдайға тап болыпты. Бұл ауылда 30 отбасы тұрады, олардың барлығы егіншілікпен айналысады. Тағы бір жергілікті тұрғын Жанәділ Есполовтың айтуынша, бұршақ 175 гектар алқапты жалмап өткен. Ол мемлекеттікттен қандай да бір көмек болады деп үміттенеді.

Жергілікті билік жергілікті проблемаларымен жақсы таныс. Жыл сайын жаңбыр немесе бұршақ дақылдарға зиян келтіреді. Жетісай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Марат Абуов Қызылқұм ауданында табиғи жағдайдан зардап шеккен шаруалар бар екенін атап өтті.

Оларға минералды тыңайтқыштар, тұқым материалдарын сатып алуға жеңілдіктер түрінде көмек көрсетіліп жатыр, сонымен қатар банктермен жеңілдетілген несие беру туралы келіссөздер жүргізілуде. Оған қоса, бұршақ жеміс ағаштарына да зиян келтірген.

Еске салсақ, елімізде өткен демалыс күндері ауа райы қандай болатыны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856553-trkistandyk-sarualar-aua-rajy-saldarynan-milliondagan-sygynga-syrady.html