Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елді адастырып, алалауды доғар": Асхат Садырбай Ахметбек Нұрсилаға шүйлікті

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай кеше ғана пранк жасап, елді шулатқан Ахметбек Нұрсиланы аяусыз сөгіп тастады. Ол барша қазақ халқы қайғырып, біртуар тұлғаны жоқтап жатқан сәтте жұрт назарын өзіне аудартуға тырысқан кәсіпкердің әрекетін мүлдем орынсыз болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay/akhmetbeknursila_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay/akhmetbeknursila_ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай атышулы бизнес-тренерге арналған азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол Ахметбек Нұрсила туралы бар ойын ашық жеткізген.

Журналист кеше әруақ сыйлап, халықпен бірге қайғырудың орнына қойылым жасаған кәсіпкерге қатты ашуланған. Ол тіпті, Ахметбек Нұрсилаға құрдастарымен қоса зейнеткерлікке шығыға кеңес берген.

"Өзі айтқан сөзінен өзі айнып, артынша арнайы видео жасап, хайп жинап жүргенін түсініп қоя салған едік. Әкемізбен жасты адам. Кеше қалың қазақ біртуар ұлын жоқтап жылап жатқанда бұл әлгі дебаттан кейін не істерін білмей, сасқан үйрек артымен сүңгидінің керін құшты. Пранк жасапты. Халықтың бірлігін сынап көргім келді дейді.

Халықтың бірлігінде сіздің бұрын қалай шаруаңыз болмаса, енді де болмай ақ қойсын! Қазақтың басына қиын күн түскенде көрмегем сізді. Кеше әруақ сыйлап қайғырмасаңыз да үнсіз отыра тұрмадыңыз ба?! Сізді де, сізді қолдайтындарды да түсінбеймін! Ел болашағы жастар! Жолды жастарға беріңіздер!

Ал, сіз, қызметте орнын жастарға босатпай отырған пайдасыз кісілерді, өзіңіздің құрдастарыңызды зейнеткерлікке шақырып, сол жаққа қарай жол бастаңыз! Сіздердің дәурендеріңіз өткен! Елді адастырып, алалауды доғарыңыз! Сосын, менің адресіме айтқан сөздеріңіз, астындағы жалданбалы шабармандарыңыздың жазған комментарийлері көк тиын!" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1856559-eldi-adastyryp-alalaudy-dogar-ashat-sadyrbaj-ahmetbek-nrsilaga-sjlikti/

pixel