Выйти
RU

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 20 мамыр, сәрсенбіде Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

Көрнекі фото: pixabay.com

20 мамырда Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, тұман түседі, сонымен қатар бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, түнде оңтүстіктен соғады, күндіз қаланың басым бөлігінде 15-20 м/с болады.

Нұр-Сұлтан: 20 мамырда күндіз найзағай болады, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-18 м/с жылдамдықпен соғады.

Көкшетау: 20 мамыр күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-18 м/с жел соғады.

20 мамырда Қостанай облысындағы кей аймақта найзағай болады. Түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Қостанай: 20 мамырда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

20 мамырда Қызылорда облысында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда: 20 мамырда таңертең және күндіз найзағай болады. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

20 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысында күн күркірейді, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде батыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Орал: 20 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

20 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, кей жерлерде 18 м/с.

Еске сала кетсек, түркістандық шаруалар ауа райы салдарынан миллиондаған шығынға ұшырағанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды
Mailfire view pixel