Выйти
RU

"Қоштаспаймыз деген еді": Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездесуінен видео жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт жақын досы әрі майталман әріптесі Бейсен Құранбекпен кездескен сәтіндегі видеосымен бөлісті. Ол ақпарат саласында өшпес із қалдырып кеткен қаламы қарымды журналистпен өткен күндерін есіне алып, халықты жылатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездескен сәтінің әсерлі видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада олармен бірге белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан да бой көрсетті.

Онда бір дастархан үстіндегі журналистердің Бейсен Құранбектің әңгімесін қызыға тыңдап отырғанын көруге болады. Марқұм тележүргізуші әріптестеріне анасымен қалай қалжыңдасатынын айтқан. Видео соңында ол барлығына денсаулық тілеп, "қоштаспаймыз" деп орнынан тұрып кетеді.

Бейнежазбаға сүйеніп, бұл кездесу елордада өткенін аңғаруға болады. Бейсен Құранбек жұмыс сапарымен барып, әріптестерімен кездесіп қайтқан көрінеді.

Бұл видео барша желі қолданушылардың жүрегін елжіретті. Олар бейнежазбаны қарап, көздеріне жас алғанын жасырмады.

Еске сала кетейік, 18 мамыр күні белгілі журналист Бейсен Құранбек қайтыс болды. Тележүргізуші 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Кеше, 19 мамыр күні Талдықорған қаласындағы "Журналистер үйінде" Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қоштаспаймыз деген еді": Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен кездесуінен видео жариялады