RU

Қостанай облысында 7 жасар бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды

7 жасар бала басынан жарақат алып ауруханаға түскен. Ол бір күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облысында 7 жасар бала түсініксіз жағдайда қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Биыл 17 мамырда үй ауласында 7 жасар бала басынан жарақат алды. Ол бірден Қостанайдағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Баланың бас сүйегі сынғаны анықталып, гематома байқалды деп хабарлайды "Алау". Бала комада болды. Ота жасалып, келесі күні ол есін жия алмастан көз жұмды.

Бала бұл ауыр жарақатты қалай алғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Тараз қаласында туған қарындасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы бала бала ұсталды. Жасөспірім бұндай қадамға планшет үшін барған. Қарындасы гаджетті ағасына бермей қойған көрінеді. Көршілерінің сөзінше, 10 жастағы мектеп оқушысы ұйқыға жатқанда ағасы қызды балғамен ұрған.

Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектеп-интернатта оқитын төрт оқушы жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Айта кетейік, бұл балалар орталығындағы алғашқы келеңсіз оқиға емес көрінеді.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтауда 5 жасар баланың ішінен үйдің кілті шыққаны туралы жазған болатынбыз. Ата-анасының айтуынша, кілт баланың ішінде 10 күндей болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856569-kostanaj-oblysynda-7-zasar-bala-zmbak-zagdajda-kajtys-boldy.html