Выйти
RU

7000-ға жуықтады: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 218 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 218 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 6969-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

6969-ға жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 218 адам тіркелді

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша 19 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, науқастар санының өсімі 3,2 пайызды құрады.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,5%) Алматы қаласы – 37 (2,0%) Шымкент қаласы – 50 (11,4%) Атырау облысы – 23 (3,0%) Қостанай облысы – 12 (12,2%) Түркістан облысы – 5 (2,1%) Қарағанды облысы – 24 (9,1%) Батыс Қазақстан облысы – 10 (3,0%) Қызылорда облысы – 5 (2,0%) Алматы облысы – 7 (3,3%) Жамбыл облысы – 9 (4,3%) Маңғыстау облысы – 1 (0,6%) Ақтөбе облысы - 3 (1,3%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 6969.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 3598-ге жетті.

Күні кеше денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова коронавирус жұқтырған бұрынғы вице-министр Қамалжан Надыровтың жағдайы жайлы баяндады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұйрабекованың айтуынша, әріптесі Надыров ауруханадан жазылып шыққан және мекемеден тыс жерде сауықтырудан өтіп жатыр.

"Ол жазылды, оның сынамасы теріс нәтиже көрсеткен", – деп түсіндірді вице-министр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
7000-ға жуықтады: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 218 адам тіркелді