Выйти
RU

Шымкентте тез бүлінетін көкөніс тиелген ондаған жүк көлігі қаладан шыға алмай жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жылдам бүлінетін азық-түлік тиеп алған жүк көліктері Шымкенттен Ресей мен Беларусь еліне шыға алмай жатыр. Көлік жүргізушілері барлық жағдайға аумақтық инспекцияны кінәлауда, оған қоса көкөністер бұзылып, жалақысыз қалудан қорқады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте тез бүлінетін азық-түлік тиелген ондаған жүк көлігі қаладан шыға алмай жатыр

Сюжеттегі кадр: "Астана" телеарнасы

Ашуланған жүк көлігі жүргізушілерімен бетпе-бет кездескен "Астана" телеарнасының тілшілері жағдайдың ақ-қарасын анықтады.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, олар көкөністерді көрші мемлекеттерге жеткізеді, бірақ шекарадан өту үшін азық-түліктің сапасын растайтын фитосанитариялық сертификат болуы керек. Жүргізушілер дәл осы сертификат аумақтық инспекциядан бірнеше күн бойы ала алмай жүрген көрінеді. Шағымданушылар мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы шешуге тырысқан, алайда ведомство қоңырауға жауап бермеген.

Қазір көлік тұрағына 30-дан астам ауыр жүк көліктері жиналды, жүргізушілер тауарларды тиісті орындарына жеткізем дегенше азық бүлініп, табыссыз қалу қаупі бар екенін жасырмады.

Аумақтық инспекциядағылар мұндай кідірістің себебі өтініштердің тым көп болуына байланысты екенін айтты. Күніне әдеттегі 100 өтінімнің орнына, бөлімге 160-тан астам өтініш келіп түседі.

Бөлім бастығының айтуынша, барлығын өңдеуге қызметкерлердің уақыты жоқ. Алайда, наразылық білдірген жүргізушілердің жағдайын ескере отырып, шенеунік екі күннің ішінде жүргізушілер қажетті рұқсат қағаздардың барлығын алады деп уәде берді.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Еске салсақ, Шымкент маңындағы блок-бекеттер қашан ашылатыны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте тез бүлінетін көкөніс тиелген ондаған жүк көлігі қаладан шыға алмай жатыр
Mailfire view pixel