Выйти
RU

Арыста ағаларымен балық аулауға кеткен үш жасар қыз суға батып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 17 мамырында Түркістан облысы Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округі Керейіт ауылында үш жастағы қыздың жоғалып кеткені белгілі болды. Демалыс күндері құтқарушылар суға кеткен бүлдіршінді іздеу жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыста ағаларымен балық аулауға кеткен үш жасар қыз суға батып кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Дәл сол күні сағат 15:40-та оқиға орнына 6 адам, 1 техника бірлігі мен 1 жүзу құралынан тұратын сүңгуір- іздеу тобы шықты. Олар 17:34-те қызды іздеу жұмыстарын бастап кетті.

Іздеу жұмыстары барысында бүлдіршіннің кәмелеттік жасқа толмаған ағаларымен бірге балық аулауға кеткені анықталды. Ол су жағасында аяғы тайып, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасалды. 17 мамырда іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермей, келесі күннің таңына дейін уақытша тоқтатылды.

Ал 18 мамыр сағат 12:07-де бүлдіршіннің денесі оқиға орнынан 1,5 шақырым жердегі көпір астынан табылды.'

Айта кетейік, жылдам бүлінетін азық-түлік тиеп алған жүк көліктері Шымкенттен Ресей мен Беларусь еліне шыға алмай жатыр. Көлік жүргізушілері барлық жағдайға аумақтық инспекцияны кінәлауда, оған қоса көкөністер бұзылып, жалақысыз қалудан қорқады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арыста ағаларымен балық аулауға кеткен үш жасар қыз суға батып кетті
Mailfire view pixel