Выйти
RU

Жұмысқа шыққан шаштаразшы ондаған адамға коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдегі аймақтардың бірінде шаштаразда коронавирус инфекциясы анықталды. Кейін жұмысшы жеті отбасы мүшелеріне КВИ-ді жұқтырғаны белгілі болды, жиырмадан астам адамда диагноз расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жұмысқа шыққан шаштаразшы ондаған адамға коронавирус жұқтырған

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгород облысының үкіметіне сілтеме жасғааған порталдың хабарлауына сәйкес, COVID-19 ауруы осы өңірдегі аудандардың бірінде тіркелген. Кейін жергілікті шаштараз инфекцияның қайнаркөзі екені белгілі болды.

Ресми мәлімет бойынша, әйел жеті отбасы мүшелерімен байланыста болған. Нәтижесінде 23 адамда диагноз расталды. Ресей азаматшасының өзі ауруханаға жатқызылды, ал әйелден ауру жұқтырған азаматтар үйде емделіп жатыр. КВИ тесті оң нәтиже көрсеткенімен, ауру еш белгілерсіз түрде жалғасып жатқаны атап өтілді.

Көрші мемлекетте вирус жұқтырғандардың саны қарқынды түрде өсіп келе жатқанын айта кету керек. Worldometers онлайн дайджест мәліметі бойынша, пандемия кезінде елде шамамен 300 мыңға жуық COVID-19 инфекциясы анықталған. Бұл әлем бойынша екінші жоғары көрсеткіш. Америка Құрама Штаттары әлі де бірінші орында, онда 1,5 миллион адам коронавирус жұқтырған.

Вирустың таралуы кезінде 2,8 мыңнан астам ресейлік азамат коронавирустан көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазақстандағы ахуалға келсек, елімізде ауру жұқтырғандар саны 7000-ға жуықтады. COVID-19 тағы 218 адамда расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұмысқа шыққан шаштаразшы ондаған адамға коронавирус жұқтырған
Mailfire view pixel