RU

Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Шетел ғалымдары коронавирус инфекциясын жұқтырмайтындарды анықтады. Олар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай шешімге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
АҚШ пен Швейцарияның зерттеушілері 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген уақытта ауырған адамдарға зерттеу жұмыстарын жасаған. Соның нәтижесінде олардың ағзасының коронавирус инфекциясын жұқтырмайтыны айтылды.

Осыған дейін SARS-CoV дертіне шалдыққандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделеді. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирус инфекциясының "жолығуына" жауап береді.

Ғалымдардың дерегінше, бұндай антидене түрлерінің бірі — S309 — SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады екен.

Осыған сәйкес, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар қауіпті дерт коронавирусты жұқтырмауы мүмкін.

Бұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.

Еске сала кетейік, Словения Еуропада бірінші болып коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеген болатын. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан инфекция анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856596-galymdar-koronavirusty-kimder-zktyrmajtynyn-ajtty.html