RU

Сауда-саттықта доллар бағамы 415,10 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 415,10 теңгені (-0,01) құрағанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сауда-саттықта доллар бағамы 415,10 теңгеге дейін төмендеді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сауда көлемі 10,15 млн АҚШ долларын құрайды.

Дүйсенбі күні таңертеңгі сауда - саттықта доллардың орташа бағамы 415,21 теңгені, ал күндізгі сауда-саттықта-415,11 теңгені құрады.

Айырбастау нүктелерінде доллар 415-417,5 теңгеден, еуро - 453,5-456,5 теңгеден, ресейлік рубльді -5,65-5,81 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, 20 мамыр күні мұнайдың әлемдік бағасы сауда-саттық барысында өсуде.

Осылайша, WTI мұнайының шілде фьючерстері 0,56% - ға өсіп, барреліне 32,14 $ құрады.

Brent маркалы мұнай фьючерстері шілде айында 0,84% -ға көбейіп, барреліне 34,94$ болды.

Айта кетейік, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

Онлайн саммитке Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова Республикасының президенті  Игорь Додон, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович бой көрсетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856609-sauda-sattykta-dollar-bagamy-41510-tegege-dejin-tmendedi.html