Выйти
RU

Алматыға кіреберістегі блок-бекеттер күшейтілді: полиция себебін айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы блок-бекеттеріндегі жағдай қиындап тұр. Әлеуметтік желі қолданушылары қала шекарасында таңғы 5-тен бері жиналған ұзын-сонар кептелісті суретке түсіріп, бөлісіп жатыр. Полиция блок-бекеттердің не себепті күшейтілгенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыға кіреберістегі блокбекеттер күшейтілді: полиция себебін айтты (видео)

Фото: NUR.KZ

Төтенше жағдай режимі аяқталған сәттен бастап осы уақытқа дейін Алматыға кіреберісте орнатылған блок-бекеттерде шақырымдық кептеліс орын алды, адамдар бірнеше сағат бойы мегаполиске кіру үшін кезекте тұрды.

Айта кетерлігі, инфекцияның қайта өршуіне әкелуі мүмкін бұл жағдай санитар дәрігерлерді қатты алаңдатады.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар ондаған көліктердің кезекте тұрғанын видеоға түсіріп, жариялаған. Видеолардың авторлары үйден таңғы 5-те шықса да, жұмысқа кешігіп баратындарын айтқан.

Тағы бір көлік жүргізушісінің айтуынша, көліктер бес қатарға тізілген, олар тіпті жол ережелерін елемей, қарама-қарсы бағыттағы жолға да, жолдың жиегіне де шығып кетеді екен.

Бұл жағдайға қатысты оңтүстік астана полициясы пікір білдірді.

"Жолдардағы ахуал қиын болғандықтан, біз блок-бекеттерді нығайттық. Карантин жеңілдетілген соң, кейбір азаматтарға қалаға кіруге рұқсат берілген. Бірақ кейбір азаматтар төтенше жағдайдың аяқталуы мен карантинді шатыстырып алған", – деді Алматы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Оның айтуынша, жолдағы және блок-бекеттердегі тәртіпті бақылайтын қосымша қызметкерлер қойылды, ереже бұзған қазақстандықтарға айыппұл салынады. Полиция алматылықтар мен облыс тұрғындарын жол ережелерін сақтап, блок-бекеттерден өткенде тәртіп бұзбауға шақырды, ал ереже бұзғандарға жаза туралы ескерту жасалды: олар ереже бұзушыларға "Сергек" камералары көмегімен бақылау жүргізетін болады, олар барлық жол тосқауылдарында болады.

Бұған дейін полиция мегаполиске кіреберістегі кіреберісте ұзын-сонар кептеліс: полиция себебін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға кіреберістегі блок-бекеттер күшейтілді: полиция себебін айтты (видео)
Mailfire view pixel