Выйти
RU

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 мамыр күні Есік қаласындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Жергілікті тұрғындар дәл осы аймақта автокөлік жүргізушілері жиі жол ережесін бұзатынын айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)

Фото: zakon.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жол апатына қатысушылардың бірі оңтүстік астанадан келе жатқан. Есік қаласына кірер сәтте оған қарама-қарсы бағытта басқа автокөлік шыққан.

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)

Фото: zakon.kz

Нәтижесінде көліктер соқтығысып, екеуі де жол жиегіне ұшып кеткен. Оқиға орнында екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапқан.

Ал Алматыдан қайтып келе жатқан азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бірақ, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)

Фото: zakon.kz

Жергілікті тұрғындар дәл осы жерде автокөлік жүргізушілері жол ережесін бұзып, өздеріне қауіп төндіретінін айтады. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)

Фото: zakon.kz

Айта кетейік, Атырауда наурыздан бері өзіне салынған 1 миллион 117 мың 886 теңге айыппұлды төлемеген "Opel Astra" көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Тәртіп сақшылары Атырауда "Intercoptor" автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен тым ірі мөлшердегі айыппұл қарызын өтемеген екі жеңіл көліктің жүргізушісін ұстады. Бір көлік – Арменияда, екіншісі Ресей Федерациясында есепке қойылғандықтан, Атыраудағы иелері деректер базасына тіркелмеген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Полицейлер "Кордон" фоторадар кешенінің көмегімен 18 мамырда бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты. Оның бірі – "Opel Astra" көлігінің жүргізушісіне айыппұл жылдамдықты 116 рет арттырғаны үшін 1 117 886 теңге және екіншісіне "Daewoo Nexia" көлігімен қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін 173 625 теңге айыппұл салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты (фото, видео)
Mailfire view pixel