Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар митингілер туралы заң жобасын мақұлдады

Опубликовано:

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстандағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заң жобасына сенат енгізген өзгертулер мен толықтырулармен келісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Депутаттар митингілер туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: NUR.KZ: Original

Мәжіліс депутаты Қанат Мусин сенаттың енгізген түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтінін айтты.

Бұған дейін сенат депутаты Сәрсембай Еңсегенов заң жобасына елдің ірі қалаларында жиналыс өткізу үшін кемінде үш орын ды белгілеу керек деген норма енгізілгенін айтқан болатын.

Сонымен қатар, митингі ұйымдастырушыларына қатысушыларды бет-жүзін тануға кедергі болатын киім мен басқа да құралдар әкелуді талап ететін норманы алып тастау ұсынылды. Сонымен қатар, олардың денсаулығын қорғау үшін бетперде қолдануға құқық беру ұсынылды.

Егер бейбіт жиналыстар тіршілікті қаматамасыз ету, көлік қызметі, сонымен қатар митингілерге қатыспайтындардың еркін жүруіне кедергі келтіретін болса, митингілерді өткізуден бас тарту үшін негізді алып тастау ұсынылады.

Бұған дейін бұл заң жобасында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарландыру тәртібі енгізілгені туралы хабарланған болатын. Ал қолданыстағы заңға сәйкес оларды орындау үшін жергілікті билік органдарының рұқсаты қажет.

Құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіледі.

Бұған дейін сенат митингілер туралы заң жобасын мәжіліске қайтарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856621-deputattar-mitingiler-turaly-za-zobasyn-makldady/

pixel