Выйти
RU

Бағлан Әбдірайымов: Досым жансақтау бөліміне түскен соң вирусқа сене бастадым

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі эстрада жұлдызы, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов соңғы кезде елімізде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Әнші оңтүстік өңірдегі су тасқыны мен әлемді жайлаған коронавирус індеті туралы ойымен бөлісіп, карантин кезінде қандай сабақ алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов: Досым жансақтау бөліміне түскен соң вирусқа сене бастадым

Фото: Instagram/ Бағлан Әбдірайымов

"2020 жыл еліміз үшін де, әлем үшін біршама қиындықпен басталды. Алдымен әлемді коронавирус жайлап, бүкіл әлем тұмшаланып алса, кейін өзім туып-өскен оңтүстік өңірді су басты.

Жалпы, Мақтааралдағы жағдайды құдайдың ісіне бұра алмаймын. Бұл - екі қолды адамның қателігінен болған апат.

Адамдардың жауапкершіліктен ада, ар-ұяттан жұрдай болып кеткенінің көрінісі. Есегінің судан өткенін ғана қалайтындардың кесірінен мыңдаған адам тентіреп кетті.
Қазір қауіптің беті бері қарап келеді. Атқамінер ағаларымыз бар, өнер адамдары бар, әрқайсысы қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Жаңадан үйлер салынып, суға кеткен ауыл тұрғындары қалыпты өмірге қайта ораларына сенемін",- дейді әнші.

Әбдірайымов вирус туралы алғаш айтыла бастағанда аса сене қоймағанын, жағдайға атүсті қарағанын жасырмады. Бұл да бір тез өтіп кететін дүниедей көрінді дейді ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Осылайша, немқұрайлы қарап, онша сеніңкіремей жүргенде 12-ауруханадағы жақсы сыйласатын дәрігер досымның жансақтау бөліміне түскенін естідім. Міне, осы сәтте мен індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсініп, шоши бастадым.

Пандемия басталған кезде өзім де салқын тиіп, аздап сырқаттанып қалғаным бар еді. Оған вирус дүрбелеңі қосылып, өзім де біраз қауіптендім. Адамның ойша ауырғаны да жаман екен.

Қазіргі карантин шаралары көп адамға сабақ болды. Үйден бір қадам шықпай, қамалып отырғанда біраз нәрсені ой елегінен өткіздік.

Құдайдың алдында дәрменсіз екенімізді адамзат тағы бір сезінді деп ойладым. Соңғы кезде мақтанға салынып кеткеніміз, тәкаппарлыққа бой алдырғанымыз бар.

Осы індет бәрімізді сабамызға түсірді деп ойлаймын. Әр адам карантин кезінде өмірлік сабақ алғаны рас", - деп ағынан жарылды эстрада жұлдызы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бағлан Әбдірайымов: Досым жансақтау бөліміне түскен соң вирусқа сене бастадым