Выйти
RU

Жамбыл облысында әскерден оралған досын күтіп алудың соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында әскерден оралған досын күтіп алудың арты қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Белгілі болғандай кортеждегі көліктердің бірі жол апатына ұшыраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жол апатында жүргізуші терезеден ұшып түскен

Видеодағы кадрлар: КТК

Телеарнаның мәліметінше, 6 көліктен құралған кортеж әскерден оралған досын күтіп алған. Осылайша жастар өздері тұратын Байзақ ауданына қарай бет алған.

Жол бойында көліктердің бірінің жүргізушісі сәтіз маневрдан кейін бағанаға соғылған.

Соққының қатты болғаны соншалық көлік бірнеше рет айналып, жүргізушісі терезеден ұшып кеткен. Қуанышқа орай, ер азаматтың біраз уақыт ес-түссіз жатқаны болмаса, аса ауыр жарақат алмаған. Айта кетейік, апат болған көлікте жүргізушіден басқа адам болмаған.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген ауданның әкімшілік полициясының бастығы Бауыржан Мейірбек зардап шеккен жүргізуші мен кортеждегі көліктерді басқарған оның 5 жолдасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Тәртіп сақшысы олардың маневр жасау және жолаушы тасымалдау ережелерін бұзғанын атап өтті.

Сонымен қатар оқиға орнынан кадрлар да жарияланды. Онда бағанаға соғылған қара BMW көлігінің қандай күйде екенін көруге болады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Дереккөз КТК арнасы

Айта кету керек, бұған дейін Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында әскерден оралған досын күтіп алудың соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздады
Mailfire view pixel