Выйти
RU

ЕАЭО елдері арасында ұрланған көліктердің бірыңғай базасы құрылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұрланған автокөліктердің бірыңғай базасын құрады. Мәжіліс хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Парламенттің төменгі палатасында "2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөліктерді жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Хаттамаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан және Молдова ішкі істер министрлері қол қойған.

Хаттаманың негізгі мақсаты – ұрланған автокөлік иелерінің құқығын қорғау.

"Трансұлттық топтар автокөлікті ұрлап, кейін оны заңдастырумен айналысады. Қымбат көліктердің көбі шетелде ізім-ғайым жоғалады. 1993 жылдан бері елімізде 75 мыңнан астам ұрланған және айдап әкетілген көліктің тек 14,5 мыңы табылған", – деді мәжіліс депутаты Василий Олейник.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, соңғы бес жылда автокөлікті ұрлау және айдап әкету фактілерінің саны тек 30 пайызға азайған.

Ведомство басшысы ЕАЭО елдері арасында ұрланған көліктердің бірыңғай базасы құрылып жатқанын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Ішкі істер министрліктері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатылған, біз бірлесіп жедел шаралар өткіземіз. Ұрланған автокөлік табылған кезде, біздің басты мақсатымыз – оның ұрланған елдің аумағында заңдастырылуына жол бермеу. Біз қазір айдап әкетілген автокөліктердің бірыңғай базасын құрып жатырмыз. Әзірге бес мемлекет – ЕАЭО қатысушылары арасында. Осылайша, қандай автокөлік ұрланғанын онлайн режимде көріп, сол елдің аумағында тиісті шаралар қабылдаймыз", – деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, ұрланған көліктердің ел аумағына қайтарылмауы сұрау салу нормасының жүзеге аспауынан болып отыр.

Осы кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа норма енгізілген. Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ай ғана уақыт беріледі. Сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз болуы қажет.

Хаттамада жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру, кеден орындарымен ақпарат алмасу және бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік қай жерде анықталса, сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алған азаматтардың қулығын әшкерелеген болатын. Ведомство мамандары Арменияға арнайы барып, қазақстандық азаматтардың көлікті қалай сатып алғанын білді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ЕАЭО елдері арасында ұрланған көліктердің бірыңғай базасы құрылады