Выйти
RU

Полицейлер төрт немересімен көлік тұрағын паналаған әжейге көмек көрсетті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы мүгедек қызы мен төрт кішкентай немересімен бірге паркингте тұрған әжеге көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер төрт немересімен көлік тұрағын паналаған әжейге көмек көрсетті (фото, видео)

Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары қысты мүгедек қызы мен ең кенжесі төрт айлық төрт немересімен бірге өткізетін зейнеткерге көмек көрсетті. Қарт кісі өзі жұмыс істеп жүрген сауда орталығының жер асты автотұрағында өмір сүрген.

"Теледидардан әже мен балаларды көріп, жүрегім ауырып кетті. Жеке өзім көргенімді көңілімнен ұзақ уақытқа шығара алмадым. Бұл оқиға әріптестерімді де бей-жай қалдырмады. Біз бірауыздан зейнеткерге көмектесуге шешім қабылдадық. Оны іздеп таптық.
Жергілікті атқарушы органдар әйел адамға баспана алуға көмектескені белгілі болды. Жеке құраммен бірге жинаған қаражатымызды Дариға апайдың қолына тапсырдық. Немерелеріне тәттілерді, ал өсіп келе жатқан балаға ходунок әкелдік", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Зейнеткер Дариға Қасымова тәртіп сақшыларына көңіл бөлгені, материалдық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық, сондай-ақ қаладағы қылмыс және тәртіппен күресте күш-қуат тіледі.

"Біз әлі де бұл отбасына келіп тұратын боламыз және мүмкіндігімізше оларға көмектесеміз", – дейді полицейлер.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, соңғы күндері Алматыға кірберістегі блок-бекеттерде ұзын-сонар кептелістер пайда болды. Алматы полициясы бұл мәселені біледі және қала тұрғындарына қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға, сондай-ақ қалаға кірмеуге кеңес береді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Полицейлер төрт немересімен көлік тұрағын паналаған әжейге көмек көрсетті (фото, видео)
Mailfire view pixel