Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдің ұлы болып үлгі көрсетті": Әйгерім Есенәлі Бейсен Құранбекке жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Әйгерім Есенәлі мезгілсіз өмірден өткен әріптесі Бейсен Құранбектің құрметіне жазба арнады. Ол белгілі журналист өзі үшін телевизиядағы азаматтардың ішіндегі халық мойындаған ең құрметтісі болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/yessenali_aikerim/beisenkuranbek7 Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/yessenali_aikerim/beisenkuranbek7 Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Әйгерім Есенәлі белгілі тележүргізушімен өмірде тек бір рет кездескенімен, оның жұмысына деген ынтасына бұрыннан сырттай тәнті болып келгенін жасырмады.

Ол Бейсен Құранбектің әрбір кейіпкеріне деген ыстық ықыласын жоғары бағалайтынын айтты.

"Мен ол кісіні өмірде бір-ақ мәрте көргем. Ресми таныс болмасақ та, күлімдеп, бірінші сәлем бергенімді күтпей, сәлемдесті. Ұлық болсаң, кішік бол, деген де осы ғой. Көгілдір экрандағы ер азаматтардың ішіндегі халық мойындаған ең құрметтісі деп білемін ол кісіні. Жүзбе жүз кездескен әр кейіпкерінің көңіліне қарап, жүрегіне үңіліп, журналист, жүргізуші болып емес, елдің ұлы болып үлгі көрсетті. Әрқайсысының мұңын, жырын жүрегіне жазып алған екен ғой. Журналист болса, Бейсен ағадай-ақ болсын. Қазақ болса, Бейсен Құранбектей болсын" , - деп жазды тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбек туралы естелігімен Мақпал Жүнісова бөліскен болатын. Ол марқұм журналистпен түскен видеосын жариялады.

Оған қоса, Дана Нұржігіт те Бейсен Құранбек кездескен сәтін көрсетті. Ол әріптесіменің әңгімесін қызыға тыңдайтын шақты аса сағынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856661-eldi-ly-bolyp-lgi-krsetti-jgerim-esenli-bjesen-kranbekke-zazba-arnady/

pixel