Выйти
RU

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орынға шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы күндері Бразилия жаңа вирусты жұқтырғандар саны бойынша Испания, Италия, Франция және Ұлыбритания елдерін басып озды. Тіпті, мамандар елде COVID-19 анықталғандар саны ресми көрсеткіштен 15 есе артық деген болжам жасап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Dw.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: focus.ua

Фото: focus.ua

19 мамырда Бразилия әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орынға көтерілді.

Ресми деректерге сүйенсек, елде инфекция жұқтырудың 254 220 дерегі тіркелген. Ал соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған тағы 13 410 адам анықталған.

AFP агенттігі мәлім еткендей, мамандардың болжамынша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 15 есе артық болуы мүмкін, себебі мұнда тесттер салыстырмалы түрде өте аз жүргізілуде.

Соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 1,56 млн. 297 мың адам вирусты жеңіп шықса, 92 мыңнан астамы көз жұмған.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында – Ресей. Көршілес мемлекетте COVID-19-дың 309 мың дерегі тіркелген. 85 392 адам індеттен емделіп шықса, 2 972 адам көз жұмған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 218 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 6969-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орынға шықты
Mailfire view pixel