Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын болжады

Опубликовано:

Еліміздің бас санитарлық дәрігері орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында коронавирустың екінші толқынына қатысты болжамдарымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Айжан Есмағамбетоваға Қазақстан мен әлемде коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін деген сұрақ қойылды. Санитарлық дәрігер болжам ретінде тамыз бен қыркүйек айларын атады.

Есмағамбетованың болжамынша, елімізде коронавирустың екінші толқыны алдағы ЖРВИ маусымында болуы мүмкін. Әдетте вирустық аурулар күз мезгілі басталғанда белең алады.

Дегенмен, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл әзірге тек болжам ғана.

Ол еліміздегі вирустың таралу деңгейі халықтың карантин тәртібін қалай сақтағанына байланысты болатынын жеткізді. Бұл қарапайым азаматтармен қатар, ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, сауда-ойын сауық орталықтары және тағы басқа мекемелердің жұмысшыларына да қатысты.

Сонымен қатар қазақстандықтарға 3 адамнан артық топ болып жиналмауға, маска киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға кеңес берілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 218 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 6969-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856682-ministrlik-kazakstanda-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-kasan-bastalatynyn-bolzady/

pixel