Выйти
RU

Дәмханада ауызашар өткізуге бола ма: Бас санитар дәрігер жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәмханада ауызашар өткізуге болатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы бас санитар онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Есмағамбетованың айтуынша, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілген.

"Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек", – деді ол.

Дегенмен Есмағамбетова тұрғындарға үйде 30-50 адамды жинауға болмайтынын ескертті.

Маманның сөзінше, ондай кезде арақашықтық сақталмайды.

Ол осыған дейін отбасылық шарада коронавирусты жаппай жұқтыру оқиғалары тіркелгенін еске салды.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 7 мың адамға жуықтады. Оның 3649-ы ауруды жеңіп, медициналық мекемеден шықса, 35-і көз жұмды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Айжан Есмағамбетова коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын болжаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәмханада ауызашар өткізуге бола ма: Бас санитар дәрігер жауап берді
Mailfire view pixel