Выйти
RU

Бір адам 40 адамның коронавирус жұқтыруына себепкер болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова адамдардың қауіпсіздік шараларын ұмытып, бір-біріне коронавирус жұқтырғаны туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айжан Есмағамбетова cоңғы деректер бойынша, Қазақстанда 7 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Жалпы, соңғы аптада аурудың өсімі 15 пайызды құрады.

Маман COVID-19 бойынша ТЖ режимі алынғаннан кейін кейбір адамдар карантин де алынды деп қабылдап қалғанын айтты. Олар бұрынғы өмір салтына оралуға болады деп ойлайды. Көбісі қонаққа барып немесе үйлеріне қонақ шақырады, арақашықтықты сақтамай, бір бірімен араласады, маскасыз қыдырады.

Оның айтуынша, жұқтыру жағдайларының талдауы көрсеткендей, қазір адамдар вирусты не әріптестерінен, не қоғамдағы осындай "еркін" қарым-қатынас арқылы жұқтырып жатыр.

Есмағамбетованың сөзінше, Қарағанды облысында бір адам 8 бірдей инфекция ошағына себеп болған. Нәтижесінде, оның 29 әріптесі мен 11 адамнан вирус анықталған. Осылайша, бір адам 40 адамның коронавирус жұқтыруына себепкер болған. Олардың ішінде үш бала бар.

Осыған ұқсас жағдай Түркістан облысында тіркелген. Өңірде бір адамнан 8 вирус ошағы пайда болған. Барлығы 20 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 60 жастан асқан екі адам бар.

Белгілі болғандай алысқа қатынап жүрген жүк көлігінің жүргізушісі алдымен әйеліне вирусты жұқтырған. Ал келіншегі өз кезегінде 6 әріптесіне инфекция жұқтырған. Әріптестері тағы 14 адамға COVID-19-ды жұқтырған.

Елордада бес адамнан тұратын бір отбасыдан коронавирус анықталды. Олардың екеуі қарт кісі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Айжан Есмағамбетова коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын болжаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір адам 40 адамның коронавирус жұқтыруына себепкер болған
Mailfire view pixel