Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Есмағамбетова: Талап сақталмаса, қатаң карантинге қайта оралауымыз мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында санитарлық талаптар сақталмаса, еліміздің қатаң карантин жағдайына қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ
Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ: Facebook

Есмағамбетова ТЖ режимінің аяқталуы карантин шараларының алынғанын білдірмейтінін еске салды.

"Барлығымыз вирустың ешқайда кетпегенін түсінуіміз керек. Ол біздің арамызда таралуда және инфекцияның таралу қарқыны көбіне өзімізге байланысты.
Біздің ортақ міндетіміз – вирустың ары қарай таралуына және сырқаттанушылардың өсуіне жол бермеу. Сонымен бірге, әрқайсымыздың, жақындарымыздың денсаулығына және ел экономикасына залалын тигізбей, карантин шараларын бірте-бірте жеңілдетуді жалғастыру қажет.
Оқшаулау шаралары сақталмаса, біз қатаң карантин режиміне қайта оралуымыз мүмкін", – деп түйіндеді еліміздің бас санитарлық дәрігері.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирустың екінші толқыны қашан басталуы мүмкін екені жайлы болжамымен бөліскен.

Оның болжамынша, вирустың екінші толқыны алдағы ЖРВИ маусымында болуы мүмкін. Әдетте вирустық аурулар күз мезгілі басталғанда белең алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856695-ajzan-esmagambetova-talap-saktalmasa-kata-karantinge-kajta-oralauymyz-mmkin/

pixel