Выйти
RU

"Қыздарымның келісімін алдым": Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықпақ (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесінің жазуынша, ол өзінің арқа сүйер азаматын жолықтырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: .instagram.com/altynaizhorabayev

Фото: .instagram.com/altynaizhorabayev

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге", - деп жазады әнші Instagram парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары өнер иесіне деген жылы лебіздерін жазып, бақыт тілеуде.

Айта кетейік, жақында ғана әнші Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді.

"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!", – деп жазған болатын әнші желіде.

Эстарада жұлдызының қуанышына тыңдармандары да ортақтасқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қыздарымның келісімін алдым": Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шықпақ (фото)