Выйти
RU

"Оскар-2021" коронавирусқа байланысты кейінге шегерілуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық киноакадемия кезекті "Оскар" сыйлығының марапаттау рәсімін 2021 жылғы ақпан айынан кейінге шегеруді жоспарлап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Variety басылымы анонимді дереккөздерге сілтеме жасай отырып, киноиндустрия саласындағы елеулі сыйлықты марапаттау рәсімі кейінге шегерілетінін, алайда, бұл әлі қорытынды шешім емес, нақты өзгерістер кейінірек хабарланатынын жазды.

Басылымның басқа дереккөздері салтанатты рәсімді өткізу уақытын өзгерту туралы қорытынды шешім әлі қабылданбағанын атап өтті. Мәселен, ABC телеарнасының эфирінде марапаттау рәсімінің көрсетілім уақыты ауыспаған.

Айта кетейік, бұған дейін "Оскар" сыйлығының ұйымдастырушылары коронавирус пандемиясына байланысты туындыларды іріктеу тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын.

Осылайша, 2021 жылы алғаш рет байқауға кинотеатрларда емес, онлайн түрде интернетте көрсетілген фильмдер де қатыстырылады.

Киноакадемияның ресми мәліметіне сәйкес, "Оскар" сыйлығының марапаттау рәсімі 2021 жылғы 28 ақпанда өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, биыл айтулы марапатты "Паразиты" фильмі иеленген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Оскар-2021" коронавирусқа байланысты кейінге шегерілуі мүмкін
Mailfire view pixel