Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалған 81 жастағы әже табылды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан өңірінде із-түссіз жоғалып кеткен 81 жастағы әже табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі: Facebook

19 мамыр күні Прибрежное ауылының тұрғыны Қызылжар ауданының полиция бөліміне жүгініп, ұмытшақтығы бар 1939 жылы туған анасының жоғалғанын хабарлады. Аудандық полиция бөлімі мен облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Іздестіру топтары Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерді, орман алқаптарын, саяжай қоғамдастықтарын тексерді.

Қарт тұрғынды іздеуге еріктілер де атсалысты. Олар әжейдің суреті мен ол туралы қысқаша ақпаратты танымал әлеуметтік желілерде жариялады.

20 мамыр күні Пестрое көлі маңындағы жеке секторда жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан Петропавл қаласының екі тұрғыны Instagram желісіндегі әжейдің суретін көріп, оны бірден танып, полицияға хабар берген.

"Қарт әйелдің соңғы тәулікте басынан қандай оқиға өткені есінде жоқ. Бірақ жағдайы жақсы. Одан жауап алған соң жақындарына табыс етеміз. Оның табылғаны жөнінде туыстарына хабарладық", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Сейілхан Жұмағұлов.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпарынша, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен із-түссіз жоғалған адамдарға байланысты 122 арыз тіркелді. Қазіргі уақытта олардың 120-сы табылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында 20 жастағы жігітке іздеу салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856722-soltstik-kazakstan-oblysynda-iz-tssiz-zogalgan-81-zastagy-ze-tabyldy/

pixel