Выйти
RU

"Кәріс екен деп ойладым": Отандық журналист Бейсен Құранбекпен болған оқиғасын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі жас журналист Тәуірбек Бозекен 18 мамырда көз жұмған тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекпен болған қызықты оқиғасын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Дәулет Әшімхан

Фото: Facebook/Дәулет Әшімхан

Бұл туралы төртінші билік өкілі Facebook әлеуметті желісіндегі парақшасында жазды.

"Бейсен аға туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Көңілің құлазып, жүрегің езіліп кете жаздайды екен. Амал нешік, қайтеміз?! Мен қазір Бейсен ағама қатысты қызықты оқиғаны айтып берейінші.

Қалың жұрт "Айтуға оңай" бағдарламасын теледидардан асыға күтіп отыратын кез. Мен ол шақта таңғы бағдарламаның жас тілшісімін. "Таңшолпанның" эфиріне күнде бір сюжет беретінбіз. Кейде түсіретін тақырып таппай қалам. Содан, баяғы қалпымша қулыққа басам ғой, мен. Оператор мырза екеуміз камераны сайлап, объективті "Айтуға оңайдың" студиясына қарай бағыттаймыз. Менің микрофоным қолда, сұрақтар дайын. Оператор камераның шүріппесін "міне-міне" басуға әзірленіп тұр. Түсірілімнен шыққан танымал тұлғаларды бір-бірден іліп әкетіп, сұрақтарды жаудырамын кеп. Оны байқап қалған Бейсен ағам "Әй, батырым..." деп қасымнан жымиып өтіп кететін.

"Айтуға оңайдың" қызметкерлері бір күнде 3-4 тақырыптың аясын қамтып түсірілім жасаса, мен "Таңшолпанға" 10-15 сюжет әзірлеп, мәз болып қайтатынмын. Ұлттық арнада ертең "Айтуға оңайдың" съемкасы дегенде, ең бірінші болып мен қуанытын едім

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Бір күні продюсерім Гүлжан Орынбай алқынып-жұлқынып кабинетке кіріп келді де:

1 мамыр таяп қалды. Керемет бір сюжет жасау керек. Тәуірбек, сен жасайсың! Алматыда бір кәріс бар. Қазақшаға судай енді. Күй шертіп, ән шырқайды. Қысқасы соны тауып ал. А, айтпақшы, жақында "Айтуға оңайға" келді, ол кісі..." деп тапсырманы шегелеп тастады.
Бейсен ағама, қонаққа келсе болды онда,-деп қуанып кеттім.

Бірден "Айтуға оңайда" жұмыс істейтін әкімші қыздардың біріне телефон соғып, әлгі кәрістің нөмірін сұрап алдым. Сөйтсем олар, қателесіп өнерпаз кәріс емес, журналист Бейсен ағамның телефон нөмірін беріпті.

Ойымда ештеңе жоқ. Бірден телефон шалдым. Өзімше жалған ұлтшылдығым тасып, "қазаққа деген құрметі қандай екен?" деп тексеріп көрмек болып:

Ассалаумағалейкүм, аға, - деп хәл сұрасып ем.
Уәғәлейкүмассалам, батырым, - дейді тұтқаның арғы жағынан, кәріс мырза. Ішімнен "Мә, расында қазақшаға судай екен" деп қоям.
Аға, "Таңшолпан" бағдарламасынан хабарласып тұрмын. 1 мамыр келе жатыр. Сізден құттықтау жазып алып, сюжет жасасақ деген жоспар бар, - дедім ғой жаңағы, кәріс деп ойлап тұрған, Бейсен ағама.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Мен, ондайға көп жоқпын, бауырым. Оның үстіне қазір жұмыс қауырт болып жатыр,-деп тартыншақтай бастады.
Жоқ, аға, еш қысылмаңыз! Керек десеңіз кешкісін сіздің үйіңізге барып түсірілім жасайық. Қазақшаңыз да жақсы екен. Сізді домбыраның құлағында ойнайды деп естідім, - деп сұхбатқа келісім беру үшін мақтай бастадым.
Иә, домбыраны бала кезден шертеміз. Енді, қазақша сөлемегенде орысша сөйлемейміз ғой,-деп күліп жіберді. Мен ішімнен "мынау бір мықты кәріс екен" деп топшыладым.
-Қазір қайдасыз, аға?! Тым болмаса, сізден тек құттықтау жазып алайықшы, - деп едім:
Жарайды, келіңдер! Жұмыстамын ғой, "Ұлттық арнада", - дегенде 20 секундтай ойға шомып кеттім.
Аға, сіз Олег Кимсіз бе? - деп едім.
Жоқ а, Бейсенмін ғой..., - дегенде не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым.
Мә, мен қателесіп кеттім, кешіріңіз, Бейсен аға... - дегенше:
- Сен, Тәуірбек батырсың, бейй?, - деп күліп жіберді.

Ертесіне, Бейсен ағаммен дәлізде арқа-жарқа болып, күлісіп көрістік", - деп сол бір сәтті есіне түсірді Тәуірбек Бозекен.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Еске сала кетсек, осыған дейін ақын, "Төлеген Айбергенов" атындағы сыйлықтың иегері Ұларбек Дәлейұлы марқұм Бейсен Құранбекке жыр жолдарын арнаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кәріс екен деп ойладым": Отандық журналист Бейсен Құранбекпен болған оқиғасын айтты