Выйти
RU

Жақындарынан айырылған көпбалалы ана Ішкі істер министрлігінен көмек сұрап отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Енесі мен сәбиінен айырылған тараздық көп балалы ана жанайқайын жеткізді. Әйел адам жақындары күзет фирмасының қызметкерлері себепкер болған жол апатында қайтыс болғанын айтады. Ал кінәлілер әлі күнге жауапқа тартылмапты. Сондықтан ол Ішкі істер министрлігінен көмек сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Жақындарынан айырылған тараздық көпбалалы ана көмек сұрайды

Видеодағы кадрлар: КТК

2019 жылдың 26 қазаны Іңкәр Жақаева үшін қаралы күн. Дәл сол күнгі жол апатынан кейін баласы мен енесінен айырылған.

Келіншектің айтуынша, енесінің аяғы сынып, сол жарақаты ажалына себеп болыпты. Тамырына зақым келіп, жеті күннен кейін қайтыс болған. Өзінің де жамбасы морт кетіп, ауруханаға түскен. Ішінде алты айлық сәбиі бар келіншекке кесір тілігін жасауға тура келгенімен, алайда шақалақ шетінеп кеткен.

"Мен соққыны ішімнен алдым. ...Мен бес баламды осыған дейін еш қиындықсыз босанғанмын. Ешкімнің көмегінсіз. Кесір тілігінен де қанша азап шектім", – дейді көп балалы ана.

Жол апаты жеті ай бұрын болған. Ішінде 4 адамы бар көлікті жеке күзет қызметінің жігіттері мінген көлік соққан екен. Қатты соққыдан көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Сол кезде кінәлілердің машинаны мас күйінде басқарғаны айтылған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

"Рөлде ана жігіт, ішіп алған. Енді "мен емеспін" деп мойындамай отыр. ...Артында қару жатыр. Екі автомат, дубинка, каска. Тағы бір жігіт артында қызбен отыр", – дейді Іңкәр Жақаеваның күйеуі Төлеген Әбдірахманов.

Қара жамылған отбасы жол апатына айыптыларды әлі күнге жауапқа тартқыза алмай жүргенін айтады. Олар күні бүгінге дейін тергеу ісінің сотқа жетпей жатқанына наразы. Соған қарағанда күзет компаниясының артында ықпалды адам тұр ма деп күдіктенеді. Сондықтан Ішкі істер министрілігінен көмек сұрайды.

"Тергеуші – бәрі дөрекі сөйледі. Менің кінәм заңды білмегенім бе? Қарапайым адам адам емес сияқтымыз", – дейді Іңкәр Жақаева.

Ал бұл жайтқа қатысты пікір білдірген тәртіп сақшыларының мәліметінше, жол апаты дерегі бойынша 7 сараптама тағайындалған. Тергеу ісінің ұзап кетуіне солардың қорытындысының шықпауы себеп көрінеді.

Тараз қалалық ПБ әкімшілік полиция тобының инспекторы Асан Смайылов бұл оқиғаға кімнің кінәлі екенін айта алмайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, сот сараптамасының қорытындысына сай, "Лада" автокөлігінің жүргізушісі көлікті орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ал телеарна журналистері аталмыш күзет кызметі өкілдерімен байланысқа шыға алмаған.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жақындарынан айырылған көпбалалы ана Ішкі істер министрлігінен көмек сұрап отыр