Выйти
RU

Павлодар облысында сауда орталықтары ашылуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Павлодар облысында сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданбақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Өңірдің бас санитарлық дәрігері Зәмзәгүл Досжанованың қаулысына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 21 мамыр, бейсенбіден бастап өңірдегі сауда және ойын-сауық орталықтары өз жұмысын қайта бастайды.

Олардың жұмыс режимі 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Сонымен қатар, сауда орталықтарында санитарлық-дезинфекция режимі күшейтілуі тиіс, адамдар маска киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы керек.

Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.

"Сонымен қатар ойын-сауық алаңдары (ойын алаңдары, кинотеатрлар және басқа да көңіл көтеретін орындар) әзірге жұмыс істемейді", - делінген жаңа құжатта.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 167 дерегі тіркелген. 141 адам індеттен жазылып шықты, 2 науқас көз жұмды.

Сондай-ақ бүгін Алматы қаласында қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қайта ұзартылаты мәлім болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысында сауда орталықтары ашылуда
Mailfire view pixel