Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус жұқтырғандар 7 мыңнан асты

Опубликовано:

Қазақстанда тағы 265 адам коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7234-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos
"Қазақстанда өткен тәулікте 265 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Олардың 84-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 57-і Алматы қаласынан, 24-і Атырау облысынан, 23-і Шымкент қаласынан, 19-ы Алматы облысынан, 13-і Батыс Қазақстан облысынан, 13-і Қарағанды облысынан, 11-і Қызылорда облысынан, тоғызы Павлодар облысынан, бесеуі Жамбыл облысынан, екеуі Ақтөбе облысынан, екеуі Түркістан облысынан, біреуі Ақмола облысынан, біреуі Шығыс Қазақстан облысынан және бір адам Маңғыстау облысынан. Өсім 3,8% құрады", - делінген ресми хабарламада.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, соңғы деректер бойынша дүние жүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5 миллионға жуықтады. Нақты айтсақ коронавирус жер бетінде 4 995 712 адамнан анықталып отыр.

328 095 адам коронавирустың құрбанына айналған.

COVID-19-ды жұқтырғандар саны бойынша әдеттігдей АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында көрші Ресей болса, үшінші орында Бразилия.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856775-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-7-mynan-asty/

pixel