RU

Коронавируспен ауырғандарды емдеуге тырысқан пастордың өзі COVID-19-дан қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Камерунның Дуала қаласында пастор коронавирусты емдей аламын деп мәлімдеп, алайда өзі ауру жұқтырғаннан кейін бір аптаға жетпей көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Пастор коронавирусты емдеймін деп қайтыс болды

Фото: Journal du Cameroon: UGC

Пастор Франклин Ндифор (Frankline Ndifor) 2018 жылы президенттікке үміткерлер болған тоғыз кандидаттың арасында жетіншісі болған.

Ндифор коронавирусты емдеуге тырысып, кейбір келушілердің жазылып кетуі үшін дұға еткен.

Нәтижесінде Ндифордың өзі инфекция жұқтырып, тыныс алуы қиындайды. Жағдайы ауырлаған оған дәрігер шақырады, алайда пастор жедел жәрдемнің көмегінен кейін 10 минуттан соң қайтыс болды.

Ндифор дүниеден озғаннан кейін, жақтаушылары оны пайғамбар деп жариялады. 16 мамыр күні сенбіде санитар дәрігерлер марқұмның денесін алып кетуге тырысқанда, пастордың жақтаушылары оның үйіне кіреберісті жауып тастаған.

Тағы да оқыңыздар

2019 жылғы кәріс телехикаялары: жаңа топтама

Ндиордың ізбасарлары демалыс күндері пастордың қайта тірілуі үшін ән айтып, дұға еткен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ндиифордың үйіне кіріп, оның денесін алып шықты. Коронавирус жөніндегі жұмыс тобының өкілдері пасторды өз резиденциясының алдына жерледі.

Денсаулық сақтау қызметкерлері пастормен байланысқа түскендердің барлығын ауруханаларға барып, коронавирусты тексеруден өткізуді сұрайды.

Қазақстанда тағы 265 адам коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7234-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Коронавируспен ауырғандарды емдеуге тырысқан пастордың өзі COVID-19-дан қайтыс болды