Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талай тағдырға араша түсті": Оразымбетова Бейсен ағасы берген кеңесі туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова белгілі журналист Бейсен Құранбек туралы естелігімен бөлісті. Өнер иесі тележүргізушінің берген кеңесін ешқашан есінен шығармайтынын айтты. Эстрада жұлдызы марқұмның айтқан сөздерін әлі күнге дейін бұлжытпай орындап жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnurorazymbetova/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Гүлнұр Оразымбетова Бейсен ағасы туралы жазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Ол танымал журналистің қазасы өзіне аса ауыр тигенін жасырмады.

"Әлі есімде. Бірнеше концерттік бағдарламамды алып, Жетісу каналына бардым. Бейсен аға өзі қарсы алды,концерттерді көрді. Сосын айтқаны: Гүлнұр, таланттар көп, бірақ солардың ішінде өзіндік ерекшелігіңмен, өзіндік стиліңмен даралану оңай емес. Сахнаға шықтың ба, ұмыт бәрін, барыңды, жаныңды сал, халықпен сөйлес, күл, жыла, биле, ән айт. Сол концертке келген халық сол түні ұйықтай алмайтындай әсер қалдыр. От бол ,жарқылда. Бірақ соның бәрін жүректен шығар,шынайы бол.
Бәрі біткен соң суық сумен бетіңді жуып таста дегені. Сол кездесуден кейін өзім де түнімен ұйықтай алмадым. Қазір қарап отырсам, сол айтқан сөздерін бұлжытпай орындауға тырысып жүреді екенмін. Өзі де сол көп нәрсені жүрекке жақын алғанынан жасындай жарқ етіп,ортамыздан ерте кеткені. Талай тағдырдың арашасы болдыңыз. Өзіңізді қазақ елі жоқтауда. Орны толмас қайғы. Бақұл болыңыз! Есіміңіз ел есінде мәңгі сақталады, Бейсен аға" , - деп жазды Оразымбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбекке туған қарындасындай болып кеткен белгілі телепродюсер Әлия Құдайберген оның дерті туралы бар шындықты айтқан болатын. Ол телевизиядағы ағасы емделіп жүрген кезінде қасында болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856791-talaj-tagdyrga-arasa-tsti-orazymbetova-bejsen-agasy-bergen-keesi-turaly-ajtty/

pixel