Выйти
RU

Ухань билігі жабайы аңдарды өсіруге және жеуге тыйым салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

COVID-19 бастау алған Ухань қаласының билігі бес жыл бойы жабайы аңдарды тағам ретінде пайдалануға, оларды өсіріп, сатуға және жарнамалауға, сондай-ақ, аулауға тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ухань билігі жабайы аңдарды өсіруге және жеуге тыйым салды

Көрнекі фото: baigenews.kz

Тиісті қаулы Ухань қаласы билігінің сайтында жарияланды. Шектеу құжат жарық көргеннен бастап бес жылға қойылады.

Тыйым барлық жер бетіндегі жабайы жануарларға қатысты. Аң аулау тек ғылыми зерттеулер, популяцияны реттеу мақсатында және басқа да ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Ол үшін билік лицензиясы қажет.

Жабайы жануарларды жасанды өсіруге тек жануарлар түрлерін сақтау, ғылыми зерттеулер мен демонстрациялау мақсатында бақылаушы органдардың мақұлдауымен ғана жол беріледі.

Жабайы жануарларды өсіретін кәсіпорындар мен үй шаруашылықтары өтемақы алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай билігі елдің солтүстік-шығыс бөлігіне шектеу шараларын енгізгенін хабарлаған едік. Себебі, Цзилинь провинциясында коронавирус жұқтырудың жаңа деректері анықталған.

Осыған байланысты, билік аталған аймақта автобус пен пойыздар қозғалысын тоқтатып, білім беру мекемелерін де жапқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ухань билігі жабайы аңдарды өсіруге және жеуге тыйым салды
Mailfire view pixel