Выйти
RU

2021 жылы коронавирус бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасы өтпеуі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Токиодағы Олимпиада ойындарын 2021 жылы өткізуге мүмкіндік болмаса, оны тоқтатуға тура келетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Токио Олимпиадасың ұйымдастыру комитеті

Фото: Токио Олимпиадасың ұйымдастыру комитеті: Getty Images

ХОК пен Токио ойындарының ұйымдастырушы комитеті наурыздың соңында коронавирусқа байланысты жазғы Олимпиаданың 2021 жылға ауыстырылғанын жариялады.

Ойындар 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі тиіс. Алайда, "Токио-2020" ұйымдастырушы комитетінің төрағасы Ёсиро Мори келесі жылға қарай коронавирус пандемиясы бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасының өтпейтінін мәлімдеді.

ХОК басшысы Томас Бахтың айтуынша, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ 2021 жылдың жазы Олимпида ойындарды өткізудің соңғы мерзімі болып табылатынын жеткізген.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

"Шынымды айтса, сіздердің әрдайым ұйымдастыру комитетіне 3 немесе 5 мың адам жалдай алмайтындарыңызды түсінемін. Сіздер әлем бойынша негізгі федерациялардағы спорттық күнтізбені жыл сайын ауыстырып отыра алмайсыздар.
Біз ойындарды ұйымдастыру үшін түрлі сценарийлерге дайын болуымыз керек. Бұл денсаулық сақтау шараларына қатысты", – деп мәлімдеді Бах.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2020 жылға белгіленген Токио Олимпиадасының коронавирус қаупі салдарынан бір жылға шегерілгенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2021 жылы коронавирус бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасы өтпеуі мүмкін