Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ дәмханасы арақашықтық сақтау үшін ерекше үстелдер ойлап тапты (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы дәмхана әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы доңғалақты бампер үстелдер ойлап тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы UPI-ге сілтеме жасап.

АҚШ дәмханасы арақашықтық сақтау үшін ерекше үстелдер ойлап тапты
Фото: wthr.com: UGC

Басылымның жазуынша, бір адамдық үстелдің аяғына орнатылған дөңгелектер дәмхана ішінде емін-еркін қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

Келушілерді әлеуметтік қашықтық принциптеріне сәйкес бөлу үшін әр үстел айнала бампермен қоршалған.

"Бұл бамперлік қайыққа ұқсайды, алайда бұл шынында да үстел", – дейді мекеме иесі Шон Хармон.

Үстелдерді Балтимордағы Revolution Event Design and Production компаниясы жасап шығарған.

"Біздің компания оқиғалар туралы әрқашан хабардар. Қазіргі кезде пандемияға қатысты әлемдік жағдай мәз емес. Сол себепті біз осындай тәсілмен жағдайды сәл де болсын жақсыртуға тырысып, ауру таралуының алдын алуды ойладық", – дейді компания қожайындарының бірі Эрин Чермак.

Мэриленд штатындағы бұл дәмхана пандемия кезінде ашылуыға дайындалуда. Әзірше ерекше үстелдерді оның қызметкерлері сынақтан өткізіп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Израиль өнертапқыштары тамақ ішуге болатын маска ойлап тапқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856816-aks-dmhanasy-arakasyktyk-saktau-sin-erekse-stelder-ojlap-tapty/

pixel